Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қонаев қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназияда ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 1967 жылы салынған білім ордасы пайдалануға берілгеннен бері алғаш рет толық жаңғыртылмақ, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026
Жаңалықтар

Қазір гимназияда 1150 оқушы екі ауысымда білім алады. Ал мектептің жобалық қуаты 960 орынға есептелген.

Күрделі жөндеу жалпы аумағы 4359 шаршы метр болатын нысанды толық қамтиды. Оның 3800 шаршы метрі мектеп ғимаратына тиесілі. Жоба аясында оқу кабинеттері жаңартылып, спорт залы мен асхана жөнделеді. Терезелер ауыстырылып, ғимараттың шатыры мен қасбеті де жаңғыртылады.

Жоба барысында мектептің спорттық инфрақұрылымына ерекше назар аударылмақ. Жалпы аумағы 1,2 гектар стадион жаңартылып, футбол және баскетбол алаңдары ретке келтіріледі. Сонымен қатар жаңа воркаут алаңы мен жүгіру аймағы салынады. Оқушыларға қолайлы жағдай жасау үшін санитарлық тораптар, жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелер қарастырылған.

Мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі. Аула көгалдандырылып, жасыл желекті күтіп ұстауға арналған автоматты суару жүйесі орнатылады. Бұдан бөлек, мектеп пен кітапхана арасындағы аумақта қала тұрғындарына арналған жаңа қоғамдық демалыс орны пайда болады.

Күрделі жөндеу кезінде оқу процесін тоқтатпау үшін гимназия оқушылары уақытша Қонаев қаласындағы екі білім беру ұйымына орналастырылған.

Қонаевта соңғы жылдары білім беру нысандарын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл А.Жұбанов атындағы №5 мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді. Ал былтыр Қ.Қайсенов атындағы №4 орта мектеп жаңғыртылған.

Ш.Уәлиханов атындағы №2 гимназияның жаңаруы да осы жұмыстардың жалғасы болмақ. Жоба аяқталғаннан кейін оқушылар үшін заманауи әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастырумен қатар, мектептің спорттық және қоғамдық кеңістіктерін жаңарту көзделіп отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz