Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болған Алматы облысының спортшылары марапатталды. Қырғызстанда өткен халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар мен олардың бапкерлеріне облыс әкімі Шыңғыс Әрінов құрмет көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026
Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде өңір басшысы спортшыларды жетістіктерімен құттықтап, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұлттық спортты халықаралық деңгейде дәріптеудегі маңызына тоқталды.

«Көшпенділер ойындары – халқымыздың ұлттық болмысын, салт-дәстүрін, ат үстіндегі өнерін әлемге танытатын аса маңызды халықаралық жарыс. Әлемнің 100-ден астам елінен кіл мықтылар қатысқан дүбірлі додада ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Бұл – еліміз үшін үлкен мақтаныш. Біз үшін тағы бір ерекше қуаныш – ел құрамасының сапында Алматы облысы атынан өнер көрсеткен спортшылардың жүлделі орындарға ие болуы», – деді Шыңғыс Әрінов.

Облыс әкімі спортшылардың жетістігінде оларды жарысқа дайындаған бапкерлердің еңбегі зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңірде ұлттық спорт түрлерін дамытуға және балалар мен жасөспірімдер арасынан спорт резервін қалыптастыруға басымдық беріліп келеді. Соңғы жылдары ұлттық спортпен айналысатын жастардың қатары да арта түскен.

Алдағы уақытта өңірде ұлттық спортты бұқаралық сипатқа жеткізу, жас таланттарды іріктеу, кәсіби спорт резервін қалыптастыру және халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын спортшыларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар спорт нысандарын салу және жаңғырту арқылы тұрғындардың дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасау көзделген.

Кездесу барысында Шыңғыс Әрінов алда өтетін ХХ Азия ойындарына да тоқталды. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының сапында Алматы облысының 24 спортшысы спорттың 13 түрінен сынға түседі. Өңір басшысы облыс тұрғындарын жарысқа қатысатын жерлестеріне қолдау көрсетуге шақырды.

Салтанатты шарада «Алатау» федерациясының президенті Сәбит Қасеновке, көкпардан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төрешісі Елдос Тілебалдиевке, сондай-ақ аламан бәйге, көкпар және көкбөріден жүлделі орындарға ие болған спортшыларға Президенттің Алғыс хаты табысталды.

Өзге спортшылар мен бапкерлер Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Халықаралық додада ел намысын қорғап, жүлдемен оралған спортшылар көрсетілген құрмет пен қолдау үшін Мемлекет басшысы мен облыс әкіміне алғыс білдірді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz