Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Алматы облысының Райымбек ауданында туристік әлеуеті жоғары таулы аймақтарға қатынайтын жол инфрақұрылымы жаңартылып жатыр. Қазіргі уақытта Шалкөде, Шұбартал, Байынқол және Көккемер жайлауларына апаратын жалпы ұзындығы 95 шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026
Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдардың жаңаруы өңірдің көрікті табиғи орындарына жетуді жеңілдетіп, туристер ағынын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар инфрақұрылымның жақсаруы жергілікті кәсіпкерліктің дамуына және тұрғындардың табысын арттыруға ықпал етпек.

Райымбек ауданындағы туристер жиі қызығушылық танытатын орындардың бірі – Көккемер жайлауындағы Текес сарқырамасы. Жергілікті тұрғындар Күркілдек деп атайтын сарқырама теңіз деңгейінен 3600 метр биіктікте орналасқан. Қарағайлы орман мен таулы табиғат қоршаған нысан «Нарынқол орман шаруашылығы» мекемесінің қарамағына кіреді.

Қазір Көккемер жайлауының кіреберісіндегі 21 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілуде. Жұмысқа 10 техника мен 25 қызметкер жұмылдырылған. Бүгінде жоспарланған жұмыстың 30 пайызы орындалды. Жолды толық жөндеу 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Шалкөде жайлауына апаратын жол да жаңартылып жатыр. Мұндағы жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы 32,5 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта 26 шақырым жолдың негізі дайындалып, 10 су өткізгіш құбыр ауыстырылған. Сондай-ақ 4 шақырымға асфальт төселді. Жобаның жартысынан астамы орындалып, жұмыстарды биылғы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Туристік әлеуеті жоғары тағы бір аумақ – Шұбартал жайлауы. Мұнда ұзындығы 28,5 шақырым болатын жол салынып жатыр.

Байынқол аңғарына қатынайтын 13 шақырым жолда да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның 30 пайызы аяқталған. Жоба аясында жол бойынан арнайы автотұрақ салу қарастырылған. Жөндеу жұмыстарын 2027 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.

Жол инфрақұрылымын жаңарту Райымбек ауданындағы туризмнің дамуына қосымша серпін бермек. Таулы аймақтарға қатынастың жақсаруы туристік бағыттардың қолжетімділігін арттырып қана қоймай, демалыс орындары мен сервистік қызметтердің дамуына да мүмкіндік бере

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz