Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында 21 млрд теңгеге заманауи астық кешені салынып жатыр

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін кептіру, сақтау және тасымалдау мүмкіндігін арттыруға бағытталған ірі өндірістік кешен салынып жатыр. Жобаның жалпы құны шамамен 21 млрд теңге, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026
Жаңалықтар

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. 2026 жылы қуаты 30 мың тонна болатын алғашқы нысанды іске қосу жоспарланған. Ал болашақта кешеннің астықты кептіру қуатын 120 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында негізгі жұмыстармен қатар технологиялық жабдықтарды монтаждау жүргізілуде. Кешенді жабдықтау кезінде заманауи шетелдік технологиялар пайдаланылып жатыр. Жабдықтардың бір бөлігі Германиядан жеткізілсе, астық сақтауға арналған силостар Испаниядан әкелінген.

Экспорттық әлеуеті артады

Жаңа кешен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жиналған өнімді сапалы кептіруге, сақтауға және әрі қарай тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл өнімнің сапасын сақтап қана қоймай, өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы өндірістік инфрақұрылымын дамытуға ықпал етпек.

Жобада логистика мәселесіне де ерекше назар аударылған. Алдағы уақытта кешенге қажетті инфрақұрылымды күшейту мақсатында ұзындығы шамамен 3 шақырым болатын теміржол желісін дамыту жоспарланып отыр.

Кешен толық іске қосылғаннан кейін өнімді ішкі нарықпен қатар шетелге де жөнелту мүмкіндігі қарастырылған. Атап айтқанда, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және басқа да елдерге экспорттау жоспарланып отыр.

30 тұрақты жұмыс орны ашылады

Жаңа өндірістік нысанның әлеуметтік маңызы да бар. Кешен іске қосылғаннан кейін шамамен 30 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.

Ауқымды инвестициялық жоба Еңбекшіқазақ ауданының аграрлық және логистикалық әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен экспорттаудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz