Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында парашют спортынан ел чемпионаты аяқталды

Алматы облысындағы «Байсерке» оқу-жаттығу аэродромында классикалық парашют спортынан Қазақстан Республикасы мен Қарулы күштердің XXXII чемпионаты мәресіне жетті. Елдің үздік әскери қызметшілері мен парашютшілері бірнеше күн бойы дәлдік пен шеберлік сынға түскен бәсекеде бақ сынады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026
Жаңалықтар

Чемпионатқа 15 ерлер командасы мен 45 спортшы қатысты. Олардың арасында 39 ер адам, 6 әйел және 2 жасөспірім бар.

Жарыс бағдарламасы бірнеше күрделі жаттығудан тұрды. Қатысушылар 900–1200 метр биіктіктен секіріп, белгіленген нүктеге дәл қону бойынша сынға түсті. Сондай-ақ 2200–2500 және 2500–3000 метр биіктіктен жеке және топтық акробатикалық секірулер орындады.

Чемпионат барысында спортшылар барлығы 400-ден астам парашюттік секіру жасады.

Нәтижелерді барынша дәл әрі объективті анықтауға ерекше назар аударылды. Қону нәтижелері электронды жүйе арқылы тіркелсе, жеке акробатикалық жаттығуларды бағалау кезінде арнайы оптикалық құрылғылар қолданылды.

Жарыс жетекшісі, подполковник Азамат Әбдірайымовтың айтуынша, чемпионат жоспарға сәйкес өткен.

«Жарыс бағдарламасы толық орындалды. Авиациялық және басқа да қамтамасыз ету түрлеріне байланысты секірулер тоқтатылған жоқ. Чемпионаттың барлық кезеңі штаттық режимде өтті», – деді ол.

Үздік парашютшілер анықталды

Чемпионат қорытындысында жекелеген жаттығулар бойынша Қазақстан Қарулы күштерінің Парашюттік даярлық орталығының әскери қызметшілері Денис Исламов, Мирас Сейітжапаров және Жақсылық Ерназар жеңімпаз атанды.

Жарыс спортшылар үшін тек жүлде сарапқа салынған дода ғана емес, кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік берген алаң болды. Қатысушылар үшінші разрядтан бірінші спорттық разрядқа дейінгі нормативтерді, сондай-ақ жеке дәлдікпен қону жаттығуы бойынша спорт шеберлігіне кандидат нормативтерін орындады.

Чемпионат нәтижесі бойынша парашют спортынан Қазақстан Республикасы мен Қарулы күштердің құрама командалары жасақталады. Іріктелген спортшылар алдағы уақытта халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz