Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының автобус паркі 1 млрд теңгеге жуық шығынға батты

Алматы облысының автобус паркі 2025 жылды қомақты қаржылық шығынмен аяқтады. Кәсіпорынның таза шығыны 966,7 млн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде шамамен 83%-ға өскен, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026
Жаңалықтар

Компанияның аудиттен өткен қаржылық есебіне сәйкес, 2024 жылы кәсіпорынның таза шығыны 528,7 млн теңгені құраған. Осылайша, бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш 438 млн теңгеге ұлғайған.

Бір қызығы, есепті кезеңде автобус паркінің кірісі айтарлықтай артқан. 2025 жылы кәсіпорынның түсімі 325 млн теңгеге жеткен. Бұл 2024 жылғы 107,8 млн теңгемен салыстырғанда үш еседен астам көп.

Алайда кірістің өсуімен қатар кәсіпорынның шығындары да көбейген. Атап айтқанда, сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 2024 жылғы 960,2 млн теңгеден 2025 жылы 1,13 млрд теңгеге дейін өскен.

Нәтижесінде мекеменің жалпы пайдасы 852,4 млн теңгеден 803,6 млн теңгеге дейін төмендеген. Ал әкімшілік шығындар 712,5 млн теңгені құрап, кәсіпорынның операциялық шығыны 1,5 млрд теңгеге жеткен.

Автобус паркінің қаржылық жағдайына басқа да кірістер белгілі бір деңгейде оң әсер еткен. 2025 жылы олардың көлемі 550,7 млн теңгені құрады. Дегенмен бұл да алдыңғы жылмен салыстырғанда аз. 2024 жылы кәсіпорынның өзге кірістері 899,8 млн теңгеге жеткен еді.

Осы түсімдердің есебінен компания жыл қорытындысындағы таза шығынды 966,7 млн теңге деңгейінде ұстап қалған. Соған қарамастан, кәсіпорынның бүкіл қызмет кезеңінде жинақталған бөлінбеген шығыны 1,77 млрд теңгеге дейін өскен.

«Алматы облысының автобус паркі» ЖШС толығымен мемлекетке тиесілі. Кәсіпорынның жалғыз қатысушысы – «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Қаржылық есепке сәйкес, 2025 жылы автобус паркінде орта есеппен 146 адам жұмыс істеген.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz