Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «Әділет» партиясының жастары қарияларға қолғабыс етті

Алматы облысында «Әділет» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аға буын өкілдеріне қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық шаралары жалғасып жатыр. «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қариялардың хал-жағдайын біліп, күнделікті тұрмыстық жұмыстарына қолғабыс етіп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.09.2026
Жаңалықтар

Жобаның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, жалғызбасты қариялар мен ардагерлерге жан-жақты қолдау білдіру. Сонымен қатар бастама жастар арасында үлкенге ізет, мейірімділік, жанашырлық пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруды көздейді.

Акция аясында еріктілер қариялардың шаңырағына арнайы барып, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Жастар азық-түлік себеттерін табыстап, үй ішін жинауға, ауланы тазалауға және күнделікті тұрмыста қажет жұмыстарды атқаруға көмектеседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің әлеуметтік қолдаумен қатар тәрбиелік маңызы да зор. Жастар аға буын өкілдерімен әңгімелесіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесін тыңдайды. Бұл өз кезегінде ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, жастардың үлкенге деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

«Жастар рухы» белсенділері ардагерлер мен қарияларға құрмет көрсету бір реттік шарамен шектелмеуі тиіс екенін атап өтті. Олардың пікірінше, қоғамда қайырымдылық пен қамқорлық мәдениетін қалыптастыру үшін мұндай бастамаларды тұрақты түрде жалғастыру маңызды.

«Ардагерлерге құрмет көрсету – баршаға ортақ парыз. Аға буынға қолғабыс ету арқылы жастар үлкенге деген сыйластығын сөзбен ғана емес, нақты іспен көрсете алады. Осындай игі бастамаларды тұрақты жалғастыру маңызды», – дейді акцияға қатысушылар.

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы Алматы облысымен қатар еліміздің өзге өңірлерінде де жүзеге асырылуда. Бастама аға буынға қамқорлық көрсетумен бірге жастарды қоғамдық жұмыстарға белсенді араластыруға, жауапкершілік пен өзара көмек құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дәстүрлі «Бақ күні» өтті

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

Screenshot

Алматы облысында алма жинау басталды: шаруашылық өндірісті кеңейтіп жатыр

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
11.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
11.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
11.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz