Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Алматы облысында шетелдік жетекші клиникаларда білім алып, біліктілігін арттырған дәрігерлердің тәжірибесін өңір медицинасына енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бейінді мамандардан құралған мобильді медициналық топтар аудан тұрғындарына мамандандырылған консультативтік-диагностикалық көмек көрсетіп қана қоймай, жергілікті медицина қызметкерлеріне практикалық сабақтар өткізуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026
Жаңалықтар

2026 жылы Алматы облысында медицина кадрларының біліктілігін арттыруға жергілікті бюджеттен 160 млн теңге бөлінді. Оның 100 млн теңгесі 37 дәрігердің шетелде білім алуына бағытталды. Наурыз-сәуір айларында мамандар Ресей мен Беларусьтің клиникалық базаларында алғашқы медициналық-санитариялық көмек, ана мен бала денсаулығын қорғау, гематология, кардиология, нейрохирургия, онкология және басқа да бағыттар бойынша білімін жетілдірді.

Шетелдік тәжірибені өңірдегі медициналық ұйымдардың жұмысына енгізу мақсатында дәрігерлер мобильді медициналық топтардың құрамында аудандық елді мекендерге шығып, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

Мыңнан астам тұрғын медициналық тексеруден өтті

Мобильді топтардың жұмысы аясында Балқаш, Райымбек және Кеген аудандарының тұрғындары медициналық көмек алды. Жалпы 1 137 пациент қабылданып, түрлі күрделіліктегі 6 ота жасалды.

Мамандар ауруы алғаш рет анықталған пациенттерге кеңес беріп, әрі қарайғы емдеу тактикасын белгіледі. Сонымен қатар диспансерлік бақылау, аурудың алдын алу және емді жалғастыру бойынша ұсынымдар берілді.

Әйелдер мен балалардың денсаулығына да ерекше көңіл бөлінді. Акушер-гинеколог 383 әйелді қабылдаса, оның 13-іне жүктілікке дейінгі дайындық бойынша кеңес берілді. Педиатр 238 баланы қарап-тексерді. Оның ішінде 47 бала «Дені сау бала» кабинетінде, 32 бала сүзгі кабинетінде тексеруден өтті.

Психиатр диспансерлік есепте тұрған 129 пациентке консультация жүргізді. Балалар нейрохирургі 46 пациентті қабылдап, бір науқасқа менингиолиз және титан пластинасын қолдану арқылы краниопластика бойынша күрделі операция жасады.

Сондай-ақ хирург 80 пациентті қабылдап, 4 ота жасады. Травматолог 57 адамға кеңес беріп, бір операция жүргізді. Жалпы практика дәрігерлері 227 пациентті қабылдап, созылмалы аурулары бар тұрғындарға диспансерлік бақылау, профилактика және салауатты өмір салты жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қарғалы ауданында 96 тұрғын мамандардың көмегіне жүгінді

Мобильді медициналық топтың кезекті сапары 7-8 қыркүйек күндері Қарғалы аудандық ауруханасында өтті. Бұл жолы ауданға облыстық деңгейдегі онколог-рентгенолог, инфекционист және акушер-гинеколог барды.

Екі күн ішінде мамандар тұрғындарды қабылдап, 35 маммографиялық зерттеу жүргізді. Инфекционист 27 пациентті, акушер-гинеколог 34 жүкті әйелді қарап-тексерді.

Дәрігерлердің ауданға сапары тек тұрғындарға медициналық көмек көрсетумен шектелген жоқ. Жергілікті медицина қызметкерлеріне де тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, рентген-лаборанттарға маммография жүргізу және алынған кескіндерді бағалау бойынша оқыту өткізілді. Әйелдер консультациясының мамандарына тәжірибелік сабақ ұйымдастырылып, «Жүкті әйелдердегі гепатит» тақырыбында дәріс оқылды.

Тәжірибе алмасуға басымдық берілуде

Алматы облысында мобильді медициналық топтардың жұмысы тұрғындарға білікті медициналық көмекті жақындатумен қатар, аудандық медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Мәселен, неонатолог перзентхана қызметкерлеріне жаңа туған нәрестені алғашқы тұрақтандыру, өкпені жасанды желдету параметрлері және шала туған балаларға күтім жасау бойынша үш тренинг өткізді. Сонымен бірге медицина мамандарына жаңа туған нәрестелерді реанимациялау, акушерлік-гинекологиялық қызметті ұйымдастыру және басқа да өзекті бағыттар бойынша мастер-кластар мен семинарлар ұйымдастырылуда.

Мұндай жұмыстар ауруларды ерте анықтауға, пациенттерді әрі қарай емдеу және диспансерлік бақылау тактикасын белгілеуге, сондай-ақ заманауи диагностика мен емдеу тәсілдерін аудандық медицина ұйымдарының тәжірибесіне енгізуге жол ашады.

Алматы облысында бейінді мамандардың аудандық медициналық ұйымдарға шығуы жүйелі түрде жалғасып келеді. Мобильді медициналық топтардың алдағы сапарлары да өңір тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталмақ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

18,1 млрд теңге, 400 жұмыс орны және арзандайтын көкөніс: Алматы облысында қандай жоба жүзеге асырылып жатыр және ол нарыққа қалай әсер етеді?

Мөлдір Иманмади
09.09.2026

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz