Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 1,25 млн теңгеге дейін жалақы ұсынатын бос жұмыс орындары бар

Алматы облысында білікті мамандарға айына 1,25 млн теңгеге дейін жалақы ұсынатын бос жұмыс орындары бар. Электрондық еңбек биржасында өңір бойынша басшылық қызметтерден бастап өндірістік және техникалық мамандықтарға дейін 4,7 мыңнан астам вакансия жарияланған, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026
Жаңалықтар

Өңірде жаңа өндіріс орындарының ашылуы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларының дамуы білікті кадрларға деген сұранысты арттырып отыр. Осыған байланысты бірқатар жұмыс беруші тәжірибелі мамандарға жоғары жалақы ұсынуда.

Мәселен, заң бөлімінің басшысы лауазымына айына 1 млн 250 мың теңгеге дейін жалақы қарастырылған. Бас бухгалтер, бөлім басшысы, бас механик және жоба бойынша бас технолог секілді жоғары білікті мамандарға ұсынылатын еңбекақы 1 млн теңгеге дейін жетеді.

Медицина саласында да жоғары жалақы қарастырылған. Жалпы хирург дәрігеріне 950 мың теңгеге дейін, ал бас дәрігер немесе мекеме басшысына 877 мың теңгеге дейін еңбекақы ұсынылады.

Техникалық мамандарға деген сұраныс та жоғары. Бас инженер, геодезист, тиегіш машина машинисі, жинақтаушы және қойма меңгерушісі сияқты мамандар үшін жалақы көлемі 600–700 мың теңге аралығында.

Облысқа бес жылда 21 мыңнан астам маман қажет

Еңбек нарығына жүргізілген мониторинг Алматы облысында кадрларға деген сұраныстың алдағы жылдары да сақталатынын көрсетеді.

Болжам бойынша, 2026 жылы өңірге 4 792, 2027 жылы – 4 723, 2028 жылы – 4 793, 2029 жылы – 4 245, 2030 жылы – 3 790, ал 2031 жылы 3 856 маман қажет болады.

2026 жылы кадрларға ең жоғары сұраныс құрылыс саласында байқалады – 661 маман қажет. Ауыл шаруашылығына – 557, өнеркәсіп пен өндіріске – 333, көлік және логистикаға – 246, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен энергетика саласына 157 маман қажет.

4,7 мыңнан астам бос жұмыс орны бар

Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында Алматы облысы бойынша 2 432 хабарландыру аясында 4 717 бос жұмыс орны ұсынылған.

Вакансия саны бойынша білім беру саласы көш бастап тұр – 1 238 бос жұмыс орны. Өндірісте – 472, ауыл шаруашылығында – 240, денсаулық сақтау саласында – 192, құрылыста – 175, ал көлік және логистика саласында 170 бос жұмыс орны бар.

Сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және энергетика бағыттарында да мамандарға сұраныс сақталып отыр.

Ресми статистикаға сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматы облысындағы орташа айлық жалақы 376 012 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9 пайызға жоғары.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

18,1 млрд теңге, 400 жұмыс орны және арзандайтын көкөніс: Алматы облысында қандай жоба жүзеге асырылып жатыр және ол нарыққа қалай әсер етеді?

Мөлдір Иманмади
09.09.2026

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz