Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта инфекцияны анықтайтын заманауи бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпбейінді ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана жұмысын бастады. Жаңа бөлімше инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын анықтап қана қоймай, олардың антибиотиктерге сезімталдығын зерттеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026
Жаңалықтар

Зертхананың ашылу салтанатына Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов қатысты. Оның айтуынша, жаңа зертхана дәрігерлерге науқасқа қажетті емдеу тәсілін жедел әрі дәл таңдауға мүмкіндік береді.

«Микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігін дер кезінде анықтау тиімді ем тағайындауға мүмкіндік береді. Зертхананың ашылуы – медициналық инфрақұрылымды дамыту және облыс тұрғындарының денсаулығын нығайту жолындағы маңызды қадам», – деді Ержан Сүлейменов.

Зертхана Шеңгелді ауылында орналасқан. Дегенмен пациенттердің зерттеу үшін ауылға арнайы баруы қажет емес. Биоматериал Қонаев қаласының көпбейінді ауруханасында алынып, белгіленген талаптар мен қажетті температуралық режим сақтала отырып, зертханаға күн сайын жеткізіледі.

Жаңа бөлімше заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. Мұнда АҚШ-тың Becton Dickinson компаниясы шығарған BD Phoenix M50 автоматтандырылған жүйесі орнатылған. Құрылғы микроорганизмдерді сәйкестендіріп, олардың бактерияға қарсы препараттарға сезімталдығын анықтауға мүмкіндік береді.

Зертхана жұмысын арнайы дайындықтан өткен бес маман қамтамасыз етеді. Олар Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде тиісті даярлықтан өткен.

Зерттеу нәтижелері Damumed және Smart Lab цифрлық жүйелеріне енгізіледі. Бұл дәрігерлерге қажетті ақпаратты жедел алып, емдеу тактикасын уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.

Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда зерттеулер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жүргізіледі. Сонымен қатар тұрғындарға бекітілген прейскурант бойынша ақылы зерттеулерден өту мүмкіндігі қарастырылған.

Жаңа зертхананың іске қосылуы инфекциялық ауруларды диагностикалау мүмкіндігін кеңейтіп, антибиотиктерді негізсіз қолдануды азайтуға және пациенттерге тиімді ем тағайындауға жағдай жасайды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz