Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта 2,3 шақырым жылу желісі жаңартылып жатыр

Қонаев қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында магистральді жылу желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026
Жаңалықтар

Қаладағы тозығы жеткен 2,3 шақырым құбыр «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыстырылып жатыр.

Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражат Үкімет резервінен бөлінген. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 40-қа жуық жұмысшы мен 15 арнайы техника жұмылдырылған. Жауапты мамандардың мәліметінше, жұмыстардың 53 пайызы аяқталды. Жаңа құбырларды жылыту маусымы басталғанға дейін толық төсеу жоспарланып отыр.

«Қонаев қаласында 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық шеңберінде екі жоба іске асырылуда. Жаңартылатын желілердің жалпы ұзындығы – 2,3 шақырым. Құрылыс жұмыстары Қонаев, Сейфуллин және Абай көшелерінде жүргізіліп жатыр. Қонаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысындағы 500 метр және Сейфуллин мен Абай көшелері аралығындағы 1,3 шақырым аумаққа диаметрі 630 миллиметрлік құбыр төселеді. Ал Абай көшесіндегі 500 метрлік учаскеге диаметрі 426 миллиметр болатын құбыр орнатылады. Қазіргі таңда жұмыстың 53 пайызы аяқталды», – деді «Қонаев жылу орталығы» МКК директоры Ержан Шоқан.

Жаңғыртылып жатқан магистральді желілер арқылы қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу жеткізіледі. Сондықтан инфрақұрылымның тозған бөліктерін ауыстыру жылумен қамту жүйесінің сенімділігін арттырып, жылыту маусымындағы апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қаладағы инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Гүлмира Аманова: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті»

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026

Қонаевта инфекцияны анықтайтын заманауи бактериологиялық зертхана ашылды

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026

Қонаевта 2,3 шақырым жылу желісі жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026

Заңға құрмет – елге құрмет

Акжаркын
03.09.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
03.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz