Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қонаевта жазғы маусымның үздік жағажайлары анықталды

Қонаевта биылғы шомылу маусымы аяқталды. Жаздың соңғы күнінде қаладағы №5 жағажайда JAGALAU FEST фестивалі өтіп, маусым бойы демалушылардың қауіпсіздігіне жауапты болған мамандар марапатталды. Сондай-ақ қаланың үздік жағажайлары мен демалыс орындары анықталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.09.2026
Жаңалықтар

Қапшағай су қоймасының жағалауы – жаз мезгілінде Қонаевқа туристерді тартатын негізгі демалыс орындарының бірі. Маусым бойы мұнда құтқарушылар, полиция қызметкерлері, медицина мамандары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау өкілдері күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Жазғы маусымды қорытындылаған шарада қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқан мамандарға Қонаев қаласы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Фестиваль аясында жағажайлар мен демалыс орындары арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздары да белгілі болды. №5 қалалық жағажай «Үлгілі жағажай» деп танылса, №4 жағажай «Жайлы қалалық жағажай» номинациясын иеленді.

Жекеменшік демалыс орындары арасында Heaven Club «Спорттық туризм көшбасшысы» атанды. Ал Del Mare демалыс орнына «Халық таңдауы» номинациясы берілді.

Қонаев қаласы әкімі аппаратының басшысы Рахман Шахарбек жазғы маусымда тұрғындар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысқан мамандардың еңбегін атап өтті.

«Жаз – Қонаев үшін ерекше мезгіл. Қалалық жағажайлар тұрғындар мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналды. Бүгін біз жазды көтеріңкі көңіл күймен шығарып салып отырмыз. Ең бастысы – шомылу маусымының қауіпсіз өтуі. Осы орайда маусым бойы өз міндетін адал атқарған барлық маманға алғысымды білдіремін», – деді Рахман Шахарбек.

Ресми бөлімнен кейін фестиваль концерттік бағдарламаға ұласты. Жағажай сахнасында өнерпаздар жанды дауыста ән айтып, DJ-сет ұйымдастырылды. Кешті ZAKARIYA BAND тобының өнер көрсетуі қорытындылады.

Осылайша JAGALAU FEST Қонаевтағы жазғы туристік маусымның қорытынды шарасына айналды. Фестиваль жаз бойы жағалауда қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз еткен мамандардың еңбегін бағалап, үздік демалыс орындарын анықтаумен түйінделді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz