Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысындағы бірқатар тұрғын үй кешені жарықсыз қалуы мүмкін

Алматы облысындағы бірнеше тұрғын үй кешенінде электр энергиясы үшін миллиондаған теңге берешек жиналған. Қарыз уақытылы өтелмеген жағдайда электр энергиясын беруге шектеу қойылуы немесе тоқтатылуы мүмкін, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.09.2026
Жаңалықтар

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, мәселе мүлік иелері бірлестіктері (МИБ), пәтер иелері кооперативтері (ПИК) және басқарушы компаниялардың энергиямен жабдықтаушы ұйым алдындағы берешегіне байланысты.

Тамыз айынан бастап электр энергиясы үшін төлем түбіртектерінде тұрғын үйдің ортақ берешегі жеке жолмен көрсетіле бастады. Осыған байланысты тұрғындарға түбіртектерін мұқият тексеріп, ортақ қарыз анықталған жағдайда өздерінің МИБ, ПИК немесе басқарушы компаниясына жүгіну ұсынылды.

Компания мерзімі өткен берешегі бар тұтынушыларға электр энергиясын беруді шектеу және тоқтату шаралары 2026 жылғы 8 маусымнан бастап қолға алынғанын ескертті.

Алматы облысында электр энергиясы үшін ең ірі берешек Medeu City тұрғын үй кешенінде тіркелген. Оның қарызы 93,5 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ берешегі бар тұрғын үй кешендерінің қатарында:

  • Medeu City – 93,5 млн теңге;
  • Altin City – 43,9 млн теңге;
  • Gres Park – 37,2 млн теңге;
  • Tamarix – 34 млн теңге;
  • «Ашық төбе» – 17,6 млн теңге;
  • «Достар» және «Алматау» – 14,5 млн теңге;
  • Aspan City-2 – 13 млн теңге;
  • Galamat – 4,9 млн теңге.

Осылайша, аталған тұрғын үй кешендерінің жалпы берешегі 259 млн теңгеден асады.

«Алатау Жарық Компаниясы» берешегі бар тұтынушыларды электр энергиясын беруге шектеу шаралары қолданылмауы үшін қарыздарын уақытылы өтеуге шақырды. Тұрғындарға да қыркүйек айындағы төлем түбіртектеріндегі ортақ берешек туралы ақпаратқа назар аудару ұсынылады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz