Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кеген ауданында екі су электр станциясы салынады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Кеген ауданындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымен танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.08.2026
Жаңалықтар

Өнеркәсібі өркендеп, туризмі түлеп келе жатқан таулы аймақта соңғы жылдары электр энергиясының тапшылығы сезіле бастаған. Жарық жетіспеушілігін жою үшін Кеген ауданының Алғабас ауылында шағын су электр станциясының құрылысы басталды. Инвестициялық жобаны «Kegen Hydro» компаниясы жүзеге асырады.

Инженерлер қазір жер қазу жұмыстарын аяқтап, су арнасын нығайту және ғимарат салуға дайындалуда. Дәл осы ауылда тағы бір, жылдық қуаты 10 MBт болатын шағын гидроэлектр станциясын салу жоспарлануда. Жобаға «Осирис Энерго»ЖШС 11 млрд теңге инвестиция құюға ниетті. Аймақ басшысы бұл жобалардэ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай оң әсер ететін тілге тиек етті.

Сонымен қоса аймақ басшысы жобаны жүзеге асырып жатқан компания өкілдеріне құрылыс жұмыстарына жергілікті азаматтарды көптеп тартуды, әсіресе жастардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасауды баса айтты. Алғабас ауылында бұдан өзге де ақжолтай жаңалықтар аз емес. Мұнда осал топтағы отбасыларға арналған он үй салынып жатыр. Ол баспана кезегінде тұрған азаматтарға ұзақ мерзімге жалға берілмек.

Сондай-ақ ауылда «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қорының қолдауымен жаңа мектептің іргетасы қаланып жатыр. Қоғамдық қор құрылтайшысы Жандос Тұрысбектің сөзінше екі қабатты білім ошағында оқу сыныптарынан өзге спорт зал, кітапхана мен зертханалар қарастырылған. Ал облыс әкімі қабырғасы енді қаланып жатқан оқу ордасының тек білім берумен қатар, ауылдың спорты мен мәдениетін дамытуға қызмет ететін нысан ретінде пайдалану керек екенін жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында пластик бұйымдарын шығаратын цех өртенді

Қорлан Нұрланқызы
31.08.2026

Талғар ауданында 150 гектар сүрлемдік жүгері орылды

Қорлан Нұрланқызы
31.08.2026

Алматы облысында ірі туристік жобалардың жүзеге асырылу барысы пысықталды

Қорлан Нұрланқызы
31.08.2026

Алматы облысында тауда адасқан турист қыз түні бойы іздестірілді

Қорлан Нұрланқызы
31.08.2026

Алматы облысының әкімі Ұйғыр ауданындағы кәсіпорындарды аралады

Қорлан Нұрланқызы
29.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz