Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шетелдік инвесторлар Талғардағы су жүйелерін жаңғыртуға қаржы салуға мүдделі

Алматы облысында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жеке инвестициялар тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Осы бағытта Талғар ауданына инвестиция салуға мүдделі шетелдік инвесторлардың қатысуымен арнайы жұмыс сапары ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026
Жаңалықтар

Сапар барысында инвесторлар ауданның сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қазіргі жағдайымен танысты. Сондай-ақ қайта жаңғыртуды қажет ететін бірқатар инженерлік инфрақұрылым нысандарын аралап, олардың техникалық жай-күйін бағалады.

Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері инвесторларға Талғар ауданындағы инженерлік желілердің бүгінгі жағдайы туралы ақпарат берді. Кездесу барысында сумен жабдықтау және су бұру саласындағы өзекті мәселелер, қолданыстағы инфрақұрылымның мүмкіндіктері мен алдағы уақытта жүзеге асырылуы жоспарланған жобалар таныстырылды.

Өз кезегінде шетелдік инвесторлар Талғар ауданындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жеке қаражат есебінен дамытуға және жаңғыртуға қызығушылық танытты. Тараптар ықтимал инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – ауданның инвестициялық мүмкіндіктерін зерделеу, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға жеке капитал тарту және болашақ жобалардың техникалық-экономикалық әлеуетін бағалау.

Инвестициялық бастамалар жүзеге асқан жағдайда Талғар ауданындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғыртуға, инженерлік желілердің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік туады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz