Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Той көйлегімен дауыс беруге: Іле ауданында жас жұбайлар сайлау учаскесіне келді

Алматы облысының Іле ауданында Құрылтай депутаттарын сайлау күні ерекше сәт тіркелді. 23 тамызда отау құрған Базарбек Нұрбек пен Асия Дәуренбекқызы той күнінің қарбаласына қарамастан, сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Жас жұбайлар учаскеге той киімдерін ауыстырмастан келген. Қалыңдық Асия ақ көйлекпен, ал күйеу жігіт Нұрбек классикалық костюммен өз таңдауын жасады.

Той киіміндегі жұп сайлау учаскесіне келген сәттен-ақ көпшіліктің назарын аударды. Учаске төрағасы жас жұбайларды шаңырақ көтеруімен құттықтап, жаңа отбасына ақ тілегін білдірді. Құттықтауға сол сәтте дауыс беруге келген тұрғындар да қосылды.

“Бүгін біз үшін ерекше күн. Тойдың арасында сайлау учаскесіне де келіп үлгердік. Шынымды айтсам, бір күні қалыңдық көйлегімен дауыс беруге келемін деп ойламаппын. Енді бүгінгі күннен осындай ерекше суреттер де естелікке қалады”, — деді Асия.

Дауыс бергеннен кейін жас жұбайлар сайлау учаскесінен шығып, той салтанатын жалғастыруға аттанды.

Осылайша, Нұрбек пен Асия үшін 23 тамыз қос бірдей маңызды оқиғамен есте қалмақ. Енді олардың отбасылық альбомында той суреттерімен қатар, қалыңдық көйлегі мен күйеу жігіт костюмінде сайлау учаскесінде түскен ерекше кадрлар да сақталады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz