Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионы Толғанай Қасымхан Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алматы облысының Райымбек ауданында Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Дауыс беруге келген тұрғындардың қатарында жасөспірімдер арасында бокстан әлем чемпионы Толғанай Қасымхан да бар. Спортшы №763 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғап жүрген жас чемпион сайлауға қатысуды азаматтық жауапкершілік деп санайтынын айтты. Ол дауыс бермес бұрын саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып шыққан.

«Мен әр жарыста туған елім – Қазақстан Республикасының туын мақтанышпен көтеремін. Сондықтан еліміздің болашағы қандай болатыны мен үшін өте маңызды. Тек спортта ғана емес, сайлауда да алдын ала дайындық қажет. Сол себепті партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен алдын ала таныстым. Бүгін саналы түрде таңдау жасау үшін келдім», – деді Толғанай Қасымхан.

Жас спортшының сайлауға қатысуы жастардың елдегі қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылық танытып, өз таңдауын жасауға ұмтылатынын көрсетеді. Әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген чемпион бұл жолы сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасады.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысында 1 042 987 азаматтың дауыс беруге құқығы бар. Оның ішінде кәмелет жасына толып, биыл алғаш рет сайлауға қатысу мүмкіндігіне ие болған 14 104 жас сайлаушы бар.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz