Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ардагер ұстаз Балжан Омарова Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алматы облысында өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауға ардагер ұстаз, Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, аудандық аналар кеңесінің төрайымы әрі Райымбек ауданының Құрметті азаматы Балжан Омарова қатысты, деп хабарлайды ataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Саналы ғұмырын білім беру мен жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған Балжан Омарова бүгінде қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласып келеді. Аудандық аналар кеңесін басқаратын ардагер ұстаз отбасы құндылықтарын нығайту, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүр сабақтастығын сақтау бағытындағы бастамаларға атсалысып жүр.

Дауыс бергеннен кейін Балжан Омарова Құрылтай сайлауының ел үшін маңызына тоқталып, азаматтарды саяси науқаннан шет қалмауға шақырды.

«Қазақ қоғамында отбасы – қашанда басты құндылықтардың бірі. Бала, ата-ана, ата-баба – бәрі бір-бірімен сабақтас. Біз салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеміз. Тарихымыздағы талай маңызды кезеңді ел болып, бірлігімізді сақтай отырып еңсердік. Қазір өзіміз де, балаларымыз да Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды кезеңдеміз. Жаңа Конституция қабылданды, енді Құрылтай депутаттарын сайлап жатырмыз. Сондықтан тарихи маңызы бар бұл оқиғаға әр азаматтың міндетті түрде қатысқаны жөн», – деді Балжан Омарова.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмыс істеп т

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Абайдың қара сөздері сайлау учаскесінде жаңғырды

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Бірнеше түйеден бес мың басқа дейін: Сыдық Дәулетов Іле ауданында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Аудан бойынша 30-ға жуық шағын автобус тегін қызмет көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Талғарда алғаш дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

«Болашақ тәрбиеден басталады»: Елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы таңдауын жасады

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz