Сайлау учаскесі жұмысын бастаған сәтте Лаура Токанова дауыс беруге келіп, алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Студент учаскеге таңертең, дауыс беру басталған уақытта келген. Қажетті құжаттары тексерілгеннен кейін сайлау комиссиясының мүшелері оған №361 сайлау учаскесіндегі алғашқы бюллетеньді табыстады.
Осылайша, Байсерке ауылындағы №361 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру рәсімі студент Лаура Токановадан басталды.
Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Алматы облысында таңғы сағат 07:00-ден бастап 683 сайлау учаскесі ашылып, 1 миллионнан астам тұрғынға дауыс беру мүмкіндігі берілді.





