Құқықтық мемлекет құру жолында әр азаматтың заңды білуі мен оны құрметтеуі ерекше маңызға ие. Заң – қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін басты құрал. Өз құқықтары мен міндеттерін білетін адам түрлі құқықтық мәселелердің алдын алып, өз мүддесін заң аясында қорғай алады.
Бүгінде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып отыр. Өйткені заң талаптарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Керісінше, заңды меңгеру әрбір адамға өз құқығын қорғауға, әділ шешімге қол жеткізуге және қоғамдағы құқықтық қатынастарды дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
Қоғамда орын алатын көптеген құқық бұзушылықтар азаматтардың заң талаптарын толық білмеуінен туындайды. Сондықтан құқықтық мәдениетті қалыптастыру отбасынан, білім беру ұйымдарынан және еңбек ұжымдарынан басталуы тиіс. Әр азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті нығайтуға үлес қосуы қажет.
Заңды құрметтеу – мемлекетті құрметтеу деген сөз. Тәртіп пен жауапкершілік үстемдік құрған қоғамда ғана тұрақтылық пен даму болады. Сондықтан құқықтық білімді арттыру, заң талаптарын сақтау және өз құқықтарын қорғау әр азаматтың маңызды міндеті болып қала береді.





