Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, осы уақытқа дейін мемлекеттік бюджеттен 73 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып, 1 442 баланың ата-анасының есепшотына тиісті қаражат аударылған.
Мемлекеттік қолдаумен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетім және қамқоршылықтағы, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы оқушылар қамтылды.
Қайырымдылық акциясына қала кәсіпкерлері де белсенді атсалысуда. Демеушілердің қолдауымен 53 балаға жалпы сомасы 2 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді.
«Мектепке жол» республикалық акциясы 31 тамызға дейін жалғасады. Қосымша ақпарат алу және өтінім беру үшін Қонаев қаласындағы білім беру ұйымдарында арнайы байланыс орталықтары жұмыс істейді.
Байланыс телефондары:
- Орта мектеп-гимназиясы – 8 707 593 82 67
- Қазақ орта мектеп-лицейі – 8 747 339 79 38
- Д. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебі – 8 775 945 20 34
- Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп – 8 707 019 37 17
- Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназия – 8 700 669 84 90
- №2 орта мектеп – 8 707 504 19 00
- №3 орта мектеп – 8 747 237 22 12
- Қ. Қайсенов атындағы №4 орта мектеп – 8 770 822 61 69
- А. Жұбанов атындағы №5 орта мектеп – 8 775 873 23 33
- Шеңгелді ауылындағы №6 орта мектеп – 8 776 986 18 22
- Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп – 8 707 161 51 92
- Сарыбұлақ ауылындағы №8 орта мектеп – 8 777 050 90 04
- Қосқұдық ауылындағы №9 орта мектеп – 8 702 695 48 93
- Ақөзек ауылындағы №10 орта мектеп – 8 707 128 35 57
Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларды жаңа оқу жылына дайындап, олардың мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне қолдау көрсету.





