Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Вакцинация – ұлт денсаулығының кепілі

Алматы облысында тұрғындарды жоспарлы профилактикалық екпелермен қамту жұмыстарын күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Медициналық ұйымдар халық арасында вакцинацияның маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, екпеден қалып қойған балаларды анықтау және оларды вакцинацияға тарту бағытында жүйелі шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

2026 жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша ауданда перзентханада БЦЖ вакцинациясымен қамту көрсеткіші 86,5 пайызды, ВВГ бойынша 89,5 пайызды құрады. Бір жастағы балалар арасында ҚҚП-1 вакцинасымен қамту 57,5 пайызға жетсе, алты жастағы балалар арасында ҚҚП-2 көрсеткіші – 60,6 пайыз, АбКДС-5 – 49,6 пайыз болды. Бірқатар көрсеткіш бойынша жыл басымен салыстырғанда оң динамика байқалады.

Балқаш аудандық ауруханасының директоры Раушан Азимкулованың айтуынша, вакцинация жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі.

«Ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, екпеден қалып қойған балаларды анықтап, оларды вакцинацияға тартуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Халықтың сұрақтарына жауап беріп, вакцинацияның пайдасы мен қауіпсіздігі туралы дұрыс ақпарат жеткізу – медицина қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі», – деді Раушан Азимкулова.

Жалпы, Алматы облысында 2026 жылдың алғашқы алты айында жоспарлы профилактикалық екпелермен 120 471 адам қамтылуға тиіс. Осыған байланысты медициналық ұйымдарға халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі күшейту, ата-аналардың вакцинацияға қатысты сұрақтарына білікті мамандар арқылы жауап беру және екпеден бас тартудың алдын алу міндеттері қойылып отыр.

Дәрігерлер вакцинацияның жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқаратынын атап өтеді. Уақытылы жасалған профилактикалық екпелер жұқпалы аурулардың таралу қаупін төмендетіп, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қырағылық – киберқылмысқа қарсы қорған

Диана Ахметова
13.08.2026

Жол мәдениеті – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Экологиялық мәдениет – өркениет өлшемі

Диана Ахметова
13.08.2026

Құқықтық қоғам – жарқын болашақ кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Конституция: кеше, бүгін және ертең

Диана Ахметова
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz