Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында күйеуін өлтірді деп айыпталған әйел ақталып шықты

Алматы облысында отбасылық жанжал кезінде күйеуін өлтірді деп айыпталған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Істі алқабилердің қатысуымен қараған сот әйелді кінәсіз деп таныды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Тергеу нұсқасына сәйкес, 1 мамырда ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған. Дау кезінде әйел күйеуіне ас үй пышағымен жүрек тұсынан соққы жасаған. Ер адам алған жарақатынан көз жұмған. Осыдан кейін әйелге Қылмыстық кодекстің 99-бабы – «адам өлтіру» фактісі бойынша айып тағылған.

«Істі қарау кезінде алқабилер алқасы сотталушының өзіне тағылған қылмысты жасауда кінәсіз деп тапты. Алқабилердің шешімі негізінде сот айыпталушыны кінәсіз деп танып, ақтау үкімін шығарды», делінген сот хабарламасында.

Ақтау үкімі шыққаннан кейін сот әйелге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпас шараның күшін жойды. Жәбірленуші тараптың материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арызы қанағаттандырылмады. Сот шығындары мемлекет есебіне жатқызылды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Диана Ахметова
12.08.2026

Меншікке қол сұқпау – заң талабы

Диана Ахметова
12.08.2026

Есірткісіз өмір – дұрыс таңдау

Диана Ахметова
12.08.2026

Жаңарған Конституция – жаңашыл өзгерістер негізі

Диана Ахметова
12.08.2026

Заңды құрметтеу – азаматтық борыш

Диана Ахметова
12.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz