Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған акция өтті

Алматы облысында Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері кәсіпкерлермен бірлесіп, жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Негізгі мақсат – жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдықты асырмау, қауіпсіздік белдігін тағу және көлікті мас күйінде басқармау қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар жүргізушілерге жол қауіпсіздігі жөнінде ақпарат беріліп, күннің ыстығында сергіп алу үшін салқындатылған ауызсу таратылды.

Полиция өкілдері жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алудың негізгі шарттарының бірі.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды жолда барынша мұқият болуға, белгіленген талаптарды сақтауға және жол қозғалысы мәдениетін бірге қалыптастыруға шақырды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жол ережесі – өмір ережесі

Диана Ахметова
11.08.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Диана Ахметова
11.08.2026

Әділетті мемлекет құрудағы Ата Заңның рөлі

Диана Ахметова
11.08.2026

Әділет пен тәртіп жолындағы қоғам

Диана Ахметова
11.08.2026

Таза Қазақстан: экологиялық жауапкершілікке қадам

Диана Ахметова
11.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz