Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының биік тауында жарақат алған Германия азаматы құтқарылды

Алматы облысының Қарасай ауданында тауға шыққан Германия азаматтарына құтқарушылардың көмегі қажет болды. Туристердің бірі жарақат алып, топ өздігінен төмен түсе алмаған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға Сәтбаев (Советов) шыңында болған. Германия азаматтарынан құралған туристік топ тауға көтерілу кезінде қиын жағдайға тап болған. Туристердің бірінің қолы жарақаттанғаннан кейін олар құтқару қызметіне хабарласып, көмек сұраған.

Құтқару операциясына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары, Алматы қаласы әкімдігінің мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

Тікұшақ биік таулы аймаққа қонғаннан кейін құтқарушылар зардап шеккен туристке дейін жаяу жетті. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін әуе кемесі қона алатын қауіпсіз жерге жеткізілді.

Жарақат алған Германия азаматы тікұшақпен таудан эвакуацияланып, №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Медициналық мекемеде турист дәрігерлерге тапсырылып, қосымша тексеруден өтіп, қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Осылайша, құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында биік таудағы құтқару операциясы сәтті аяқталды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz