Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Halyk Open Cup турнирінің жеңімпаздары анықталды

Алматы облысында Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының 10 жылдығына орай #АуылФутбол жобасы аясында Halyk Open Cup республикалық футбол турнирі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Үш күнге созылған додаға еліміздің әр өңіріндегі ауылдардан келген 16 команда, 200-ден астам жас футболшы мен жаттықтырушы қатысып, чемпиондық атақ үшін тартысты.

Турнир Алматы облысын ауыл футболының үлкен орталығына айналдырды. Жас спортшылар үшін бұл жарыс тек жүлде үшін бәсеке ғана емес, тәжірибе алмасып, жаңа достар тауып, республикалық деңгейдегі турнирдің атмосферасын сезінуге берілген ерекше мүмкіндік болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауыл командалары үшін республикалық жарыстарға қатысу әрдайым оңай емес. Жол шығындары, жатын орын, спорттық киім мен құрал-жабдық көп қаражатты талап етеді. Осы мәселені шешу мақсатында #АуылФутбол жобасы бірнеше жылдан бері ауыл балаларына тең мүмкіндік жасап келеді. Halyk қайырымдылық қоры 2023 жылдан бері жобаның тұрақты серіктесі ретінде ондаған тегін турнирдің өтуіне қолдау көрсетіп, командалардың жол шығындарын өтеп, спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді.

Биылғы турнирдің қорытындысы Алматы облысы үшін ерекше сәтпен есте қалды. Halyk Open Cup – 2026 турнирінің чемпионы атанған «Ақбарыс» командасы алтын жүлдені жеңіп алса, күміс медальді облыстың тағы бір өкілі – «Алмалы» командасы иеленді. Қола жүлде Атырау облысының «Сағыз» командасына бұйырды, ал үздік төрттікті Жамбыл облысының «Шебер» командасы түйіндеді.

Турнирдің бас демеушісі – Halyk қайырымдылық қоры жеңімпаздарға ерекше сый жасады. Чемпион атанған «Ақбарыс» командасының әрбір ойыншысына бір-бірден велосипед табысталып, барлығы 12 велосипед сыйға берілді. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы әзірленген кубоктармен, медальдармен, футбол доптары және жаттығу құралдарымен марапатталды.

Жарыс соңында үздік ойыншылар да арнайы номинациялар бойынша марапатталды. Үздік шабуылшы атағын Алматы облысының «Алмалы» командасының ойыншысы Ибрахим Әбидоллаұлы иеленсе, турнирдің үздік ойыншысы әрі «Алтын доп» иегері Алматы облысының «Ақбарыс» командасының футболшысы Абрахим Дүйсенбек атанды.

Бүгінде #АуылФутбол жобасы Қазақстан бойынша 140-тан астам ауыл командасын біріктірген ауқымды қозғалысқа айналды. Halyk қайырымдылық қорының қолдауымен жүзден астам команда спорттық киімдер мен жаттығу құралдарымен қамтамасыз етіліп, ауыл бапкерлерін оқыту бағдарламалары іске асырылуда. Сонымен қатар ауыл футболшылары халықаралық жарыстарға қатысып, үлкен спортқа жол ашып келеді.

Алматы облысында өткен Halyk Open Cup турнирі өңірдің балалар футболын дамытудағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жарыс ауыл балаларының арманын үлкен футболмен тоғыстырып, болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашатын маңызды алаңға айналды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Halyk Open Cup турнирінің жеңімпаздары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

Нашақорлық – қоғамға төнген қауіпті дерт

Диана Ахметова
07.08.2026

Алкогольсіз қоғам: денсаулық пен тұрақтылық жолы

Диана Ахметова
07.08.2026

Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы

Диана Ахметова
07.08.2026

Заңға бағыну – азаматтық парыз

Диана Ахметова
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz