Жаңа тәртіп «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалымен электр энергиясын жеткізу жөнінде келісімшарт жасасқан тұтынушыларға қатысты енгізіліп отыр.
Компания мәліметінше, бұл өзгеріс тұрғындардың өз үйлеріндегі коммуналдық төлемдердің жай-күйі туралы толық ақпарат алуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұрғындар басқарушы ұйымдардың электр энергиясы үшін төлем міндеттемелерін қаншалықты уақытылы орындап отырғанын бақылай алады.
Осыған байланысты тұрғындарға электр энергиясына арналған түбіртектердегі жаңа ақпаратқа мұқият назар аудару ұсынылады. Егер берешек анықталса, оның себебін нақтылап, мәселені шешу үшін МИБ, ПИК немесе басқарушы компанияға жүгіну қажет.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ бұл бастама тұрғын үйлердің қаржылық жағдайын барынша ашық етуге бағытталғанын атап өтті. Компанияның пікірінше, түбіртектерде берешек туралы ақпараттың көрсетілуі тұрғындарға ықтимал мәселелердің алдын алып, электрмен жабдықтаудың үздіксіз қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.





