Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланатын азаматтарға үндеу жасап, жол бойындағы санитарлық тораптарды дұрыс пайдалануға және тазалықты сақтауға шақырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Компания мәліметінше, еліміздің республикалық жолдары бойында мыңдаған жүргізуші мен жолаушыға қызмет көрсететін жылы және салқын санитарлық тораптар жұмыс істейді. Алайда кейбір азаматтар кезек күткісі келмей, дәретхана ғимаратының сыртына дәрет сындыратын жағдайлар жиі кездеседі.

Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» жол қозғалысына қатысушыларды қоғамдық орындардағы мәдениетті сақтауға шақырды.

Компания жүргізушілер мен жолаушыларға:

  • санитарлық тораптарды пайдалануға;
  • қоқыс пен дәретхана қағазын айналаға тастамауға;
  • ортақ пайдаланылатын мүлікке ұқыпты қарауға;
  • жол бойындағы тазалықты күн сайын қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбегін құрметтеуге кеңес берді.

Ұлттық компанияның айтуынша, жол бойындағы тазалық әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты.

Айта кетейік, Қазақстанда жол бойындағы санитарлық тораптардың санын көбейту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Биыл наурыз айында Ақмола облысында республикалық автожолдар бойына 13 жаңа дәретхана орнатылатыны хабарланған болатын.

Тегтер: ҚазАвтоЖолҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жаңа төраға тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын өндіру жобасы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Диана Ахметова
05.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz