Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жаңа төраға тағайындалды

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұжымына жаңа төраға Роллан Дүйсенбиев таныстырылды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №1382 Жарлығымен аталған қызметке тағайындалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа төрағаны ұжымға Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқар Қалмақбаев таныстырды. Іс-шараға Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстық және аудандық соттардың төрағалары, сондай-ақ соттың судьялары мен қызметкерлері қатысты.

Асқар Қалмақбаев өз сөзінде Роллан Дүйсенбиевтің сот жүйесіндегі мол тәжірибесін, кәсіби біліктілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа төрағаның басшылығымен сот ұжымы әкімшілік сот ісін жүргізудің сапасын арттыру, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Кездесу барысында сот ұжымының алдағы негізгі міндеттері де айқындалды. Атап айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігінің сапасын арттыру, істерді қараудың процестік мерзімдерін сақтау, сот тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыру және сот қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін күшейту мәселелеріне басымдық берілетіні айтылды.

Роллан Дүйсенбиев туралы

Роллан Сабитұлы Дүйсенбиев 1979 жылы 30 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын сот жүйесі мен заң саласында бастап, 2001–2013 жылдары түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2013–2021 жылдары Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы болды. Ал 2021 жылдан бері осы тағайындауға дейін Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы қызметін атқарды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жаңа төраға тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Алатау қаласында тұрақты авиациялық отын өндіру жобасы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Диана Ахметова
05.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz