Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қаскелеңде баланы талап тастаған иттердің иесіне қатысты сот процесі басталды

Алматы облысының Қаскелең қаласында өткен жылдың жазында 11 жастағы балаға шабуыл жасап, ауыр жарақат салған иттердің иесіне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы өзіне тиесілі иттердің қауіпті екенін біле тұра, оларды ұстау талаптарын сақтамаған. Прокуратура мәліметінше, аула тиісті деңгейде қоршалмаған және жануарларға қажетті бақылау жүргізілмеген. Соның салдарынан иттер сыртқа шығып кетіп, көшеде жүрген 11 жастағы балаға шабуыл жасаған.

Оқиға кезінде бала басынан, бетінен және денесінің басқа бөліктерінен ауыр жарақат алған. Қайғылы жағдайдың соңы кездейсоқ өтіп бара жатқан азаматтың араласуымен ғана тоқтаған. Ол баланы құтқару үшін шабуыл жасаған екі итті пышақтап өлтірген.

Сот отырысында жәбірленуші баланың анасы Екатерина Бурмистрова оқиғадан кейін ұлының өмірі түбегейлі өзгергенін айтты.

«Маған қоңырау шалып, иттердің ұлымды талап жатқанын хабарлады. Оқиға орнына жүгіріп барғанда баламның қан-жоса болғанын көрдім. Сол күннен кейін Максим тұйықталып кетті. Денесіндегі тыртықтарынан ұялады. Алда тағы бір пластикалық ота жасатуы қажет», – деді ол.

Ал айыпталушы өз кінәсін мойындамай отыр. Оның айтуынша, балалар иттерді өздері арандатқан, әрі күшіктердің мұндай ауыр жарақат салуы мүмкін емес.

Жәбірленуші тарап соттан айыпталушыдан шамамен 4,5 миллион теңге материалдық шығынды және 10 миллион теңге моральдық өтемақыны өндіріп беруді сұрап отыр.

Қазіргі уақытта айыпталушыға қатысты елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Ол абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру бабы бойынша сот алдында жауап беруде.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz