Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қапшағайда бес жыл бойы халықаралық «Formula-1 H2O» жарысы өтеді

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы алдағы бес жыл бойы судағы ең беделді халықаралық жарыстардың бірі – «Formula-1 H2O» әлем чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы облыс әкімдігі мен жарысты ұйымдастырушылар арасында өткен кездесуде мәлім болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жоба тек халықаралық спорттық доданы өткізумен шектелмей, өңірде жаңа өндіріс орындарын ашуға, мамандар даярлауға және ұлттық құраманы қалыптастыруға бағытталған ауқымды бастамаларды қамтиды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев халықаралық жарысты ұйымдастырушылармен кездесіп, дайындық барысы мен жобаның ұзақ мерзімді жоспарын талқылады.

Облыс басшысының айтуынша, мұндай халықаралық жарыстар Қазақстанның әлемдік спорт аренасындағы беделін арттырып қана қоймай, өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін де күшейтеді.

«»Formula-1 H2O» секілді халықаралық жарыстарды өткізу еліміздің әлемдік деңгейдегі беделін одан әрі арттыра түседі. Облыс әкімдігі бұл бастамаға толық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар ҚР Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, жобаны еліміз үшін маңызды ұлттық деңгейдегі бастама ретінде жүзеге асыруға күш саламыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Кездесу барысында H2O Racing компаниясының өкілі Раймондо ди Сан Джермано Қазақстанның бұл жарысты өткізу үшін ең қолайлы ел екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Қонаев қаласы халықаралық су спортының жаңа орталығына айналмақ. Жоба аясында өңірде су көліктерін басқаратын пилоттарды даярлайтын арнайы академия ашылып, халықаралық талаптарға сай мамандар оқытылады. Сонымен қатар Қазақстанда спорттық катерлер шығаратын зауыт салу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, ұйымдастырушылар Қазақстанның су үстіндегі Формула-1 жарысына қатысатын ұлттық құрамасын жасақтауды көздеп отыр. Компания өкілдерінің айтуынша, алдағы 12 айдың ішінде елдің толыққанды командасын құруға мүмкіндік бар.

«Әлемдегі ең ауқымды су жарысын Қонаев қаласында өткізуді таңдадық. Себебі бұл қала су туризмімен кеңінен танымал. Ыстықкөлде өткен жарыс кезінде 2027 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанда өтетінін ресми жарияладық. Алдағы уақытта мұнда пилоттарды даярлайтын академия ашып, өңірде және жалпы Орталық Азияда осы спорт түрін дамыту бағытында жұмыс жүргіземіз. Сонымен қатар Қазақстанда спорттық катерлер шығаратын зауыт ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Раймондо ди Сан Джермано.

Айта кетейік, «Formula-1 H2O» биыл Қырғызстандағы Ыстықкөлде ұйымдастырылды. Жарысты тамашалауға алты елдің президенті арнайы қатысты.

Ал келесі жылы Қапшағай су қоймасында өтетін әлем чемпионатын дүниежүзінде шамамен 1 миллиард адам тікелей эфир арқылы көреді деп күтілуде. Сарапшылардың пікірінше, бұл халықаралық жарыс Қазақстанның туристік тартымдылығын арттырып, Қонаев қаласының әлемдік деңгейдегі су спорты орталығы ретінде танылуына жаңа серпін береді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Диана Ахметова
05.08.2026

Алкогольге тәуелділіктің әлеуметтік салдары

Диана Ахметова
05.08.2026

Есірткі – қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
05.08.2026

Экологиялық мәдениет – уақыт талабы

Диана Ахметова
05.08.2026

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Диана Ахметова
05.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz