Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының 16 спортшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға үміткер атанды

Алматы облысының ұлттық спортшылары VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықтың шешуші кезеңіне аяқ басты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алдын ала тізім бойынша өңірдің 16 өкілі 2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өтетін дүбірлі додада Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетуге үміткер атанды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – ұлттық спорт түрлерін ғана емес, көшпенділер өркениетінің бай мәдени мұрасын әлемге танытатын ең ірі халықаралық жоба. Биылғы жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Алматы облысы ұлттық спортты дамыту бағытында еліміздегі көшбасшы өңірлердің бірі саналады. Бұл жолы да өңір Қазақстан құрамасын жасақтауға елеулі үлес қосып отыр.

Алдын ала тізімге сәйкес, көкпардан ұлттық құрамаға Алматы облысының бес спортшысы енді. Олар – Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Самат Жаманқара, Ынтымақ Алипбаев, Бақытжан Әзімбай және спорт шеберлігіне кандидаттар Нұржігіт Пермебай мен Айбар Тоқтанай.

Командадағы тәжірибелі спортшылардың бірі – Бақытжан Әзімбай. Ол 2024 жылы Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, көкпардан алтын медаль жеңіп алған.

«Кез келген спортшы үшін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – ерекше жарыс. 2024 жылы Қазақстан құрамасының сапында алтын медаль жеңіп алу мен үшін ұмытылмас сәт болды. Енді Қырғыз жерінде ел намысын тағы да абыроймен қорғау міндеті тұр. Қарсыластардың деңгейі өте жоғары екенін жақсы білеміз. Сондықтан дайындыққа бар күшімізді салып жатырмыз. Жанкүйерлерімізді тағы бір тарихи нәтижемен қуанта аламыз деп сенемін», – дейді Бақытжан Әзімбай.

Көкпаршылардан бөлек, Алматы облысының тағы 11 жас спортшысы бәйге жарыстарына қатысуға үміткерлер қатарында. Олар – Мерей Гариполлин, Санжар Иринатұлы, Ерсұлтан Жарқын, Нұрсұлтан Ержан, Асылжан Төлеген, Санжар Өмекей, Айсұлтан Саматұлы, Абзал Тұрғанбек, Әмір Сералы, Бейбарыс Төрехан және Есентай Есімбек.

Ұлттық құраманың ресми өкілдері қатарында Алматы облысының Ұлттық спорт түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясының директоры Елдос Тлебалдиев те төреші ретінде қызмет атқарады.

Оның айтуынша, өңір спортшыларының ұлттық құрама сапына қайта енуі Алматы облысында ұлттық спортты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – халқымыздың мәдени мұрасы мен ұлттық спортын әлемге паш ететін беделді халықаралық алаң. Алматы облысы спортшыларының ұлттық құрама сапына қайта қосылуы өңірдегі дайындықтың жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Әсіресе, тәжірибелі спортшылармен бірге жас буынның да мүмкіндік алып отырғаны қуантады. Бұл – ұлттық спорттың болашағы жарқын екенін аңғартады», – деді Елдос Тлебалдиев.

Еске салсақ, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылы Астанада өтіп, оған әлемнің 89 елінен 2430 спортшы қатысты. Спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынып, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған болатын.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл Қырғыз Республикасында өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасының түпкілікті құрамы барлық оқу-жаттығу жиындары мен іріктеу кезеңдері аяқталғаннан кейін бекітіледі.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының 16 спортшысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға үміткер атанды

Қорлан Нұрланқызы
04.08.2026

Жастарды зиянды әдеттерден қорғау – басты міндет

Диана Ахметова
04.08.2026

Абай болыңыз: жол қауіпсіздігі бәріне ортақ

Диана Ахметова
04.08.2026

Алкогольге тәуелділік: алдын алу және жауапкершілік

Диана Ахметова
04.08.2026

Жаңарған Конституция – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Диана Ахметова
04.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz