Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 8 трлн теңгелік 283 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Алматы облысына жұмыс сапары барысында Өңірлік инвестициялық штабтың отырысына қатысты. Жиында өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, инвесторларды қолдау тетіктері және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Отырысқа мемлекеттік органдардың, даму институттарының және бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, инвесторлар алдында туындайтын түйткілдерді жедел шешу және қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар сараланды.

Әлібек Қуантыров Алматы облысының Қазақстан экономикасының негізгі өсім нүктелерінің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, өңірдің агроөнеркәсіптік, индустриялық және көлік-логистикалық әлеуеті жоғары, бұл жаңа инвестицияларды тартуға кең мүмкіндік береді.

«Алматы облысы – еліміздің стратегиялық маңызы бар агроөнеркәсіптік, индустриялық және көлік-логистикалық өңірі әрі Қазақстан экономикасының негізгі өсу нүктелерінің бірі», – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Жұмыс сапары аясында министрдің орынбасары өңірде жүзеге асырылып жатқан бірқатар ірі инвестициялық жобалардың барысымен танысты. Ол Carlsberg Central Asia, PepsiCo Central Asia, Asia United Steel кәсіпорындарын, сондай-ақ LG Electronics және Hi Air Korea компанияларымен бірлескен жобаны іске асырып жатқан Алматы желдеткіш зауытын аралады.

Сапар қорытындысында инвестициялық жобаларды белгіленген мерзімде іске асырудың, жаңа жұмыс орындарын құрудың және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтудың маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың инвесторлармен өзара тиімді ынтымақтастығын жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

Бүгінде Алматы облысының инвестициялық портфелінде жалпы құны шамамен 8 триллион теңгені құрайтын 283 жоба бар. Бұл жобалар толық жүзеге асқанда 154 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта барлық инвестициялық бастамалар Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа мен инвесторларды қолдаудың арнайы тетіктері арқылы сүйемелденуде.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жастарды зиянды әдеттерден қорғау – басты міндет

Диана Ахметова
04.08.2026

Абай болыңыз: жол қауіпсіздігі бәріне ортақ

Диана Ахметова
04.08.2026

Алкогольге тәуелділік: алдын алу және жауапкершілік

Диана Ахметова
04.08.2026

Жаңарған Конституция – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Диана Ахметова
04.08.2026

Жасыл Қазақстанға бірге қадам

Диана Ахметова
04.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz