LIDER.KZ еріктілер қозғалысының мәліметінше, 2009 жылы туған бойжеткенмен сол күннен бері байланыс үзілген.
Қызды іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылған. Олар жоғалған аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп шыққан.
Белгілі болғандай, Ясмина соңғы рет Қаскелең қаласындағы «Бамбарбия Кергуду» ресто-барына қарама-қарсы орналасқан «Долан» автобус аялдамасында бейнекамераға түсіп қалған. Оның ары қарай қандай көлікке мінгені және қай бағытқа кеткені әзірге анықталмаған.
Еріктілердің айтуынша, сол сәтте қыздың қолында ұялы телефоны болған. Алайда осы уақытқа дейін оның телефон нөмірі мен құрылғының IMEI-кодын анықтау мүмкін болмай отыр.
Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жалғасуда.





