Сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрақты тұратын, тиісті психологиялық дайындықтан өтпеген қазақстандықтар қонақ отбасы ретінде балаларды қабылдай алмайтыны туралы қосымша енгізілді.
Енді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына қабылдауға ниет білдірген адамдар тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға оқытудан өткені туралы анықтаманы тапсыруы керек. Бұл талап жақын туыстарына қойылмайды.
Ал қонақ отбасы туралы ережеге жақын туыстардың тізімі қосылды. Бұл ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері және атасы мен әжесі, немерелері.
Сонымен қатар ата-ана құқығынан бас тарту және баланы асырап алуға келісім беру туралы арыздың үлгісі өзгерді. Бұйрық 2022 жылғы 3 қыркүйекте күшіне енеді.