Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 33 орман өрті болды: өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді

Алматы облысында өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері орман қорында 33 өрт оқиғасы тіркелді. Қазіргі уақытта өңірде табиғи өрттердің алдын алу шаралары күшейтіліп, профилактикалық рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

24.kz телеарнасының мәліметінше, өрт ошақтары Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, сондай-ақ Қарадала, Бақанас, Күрті және Қаскелең орман шаруашылықтарында анықталған.

Орман алқаптарындағы өрттің алдын алу мақсатында облыстың барлық аудандарында 13 мобильді топ құрылған. Олар өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 50-ден астам профилактикалық рейд ұйымдастырған.

Өңірде табиғи өрттердің алдын алу жұмыстарына 1400-ден астам адам жұмылдырылып, олар қажетті техникамен және арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының аға инженері Данил Лебедевтің айтуынша, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған азаматтар мен ұйымдарға қатысты заң аясында шаралар қабылдануда.

«Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзып, құрғақ шөптің жануына себепкер болған 21 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асатын айыппұл салынды», – деді Данил Лебедев.

Мамандар тұрғындарды табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе орман алқаптарында от жағу, жанғыш қалдықтарды тастау және құрғақ шөпті өртеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екені ескертілді.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz