Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында былтыр жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

2025 жылдың қазан айында із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті Алматы облысынан табылды. Қазір оның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 1984 жылы туған Қараой ауылының тұрғыны өткен жылдың қазан айында өзі тұратын қыстақтағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ұзақ уақыт бойы хабарсыз кеткен әйелді жақындары өз бетінше іздегенімен, нәтиже болмаған. Кейін жұбайы құқық қорғау органдарына жүгінген.

Жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде әйелдің мәйіті табылды. Оның нақты неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары тергеу аяқталғанға дейін істің өзге мән-жайлары жарияланбайтынын мәлімдеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz