Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қапшағай су қоймасында екі жас суға батып көз жұмды

Алматы облысындағы Қонаев қаласында орналасқан Қапшағай су қоймасында арнайы жабдықталмаған жерде шомылған екі жас суға батып қаза тапты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы жағдай 1 шілде күні Қапшағай су қоймасындағы «Жаса» демалыс аймағында болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен екі адамның жоғалып кеткені туралы хабар түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенге дейін демалушылар жағалаудан шамамен 30 метр қашықтықтан 2006 жылы туған бойжеткеннің денесін судан алып шыққан.

Ал 2004 жылы туған жігітті іздеу үшін Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Құтқарушылар тәулік бойы үздіксіз іздеу жүргізіп, 2 шілде күні таңертең жігіттің денесін су қоймасының жағалауынан тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі жас бірге шомылып жүрген.

Оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Ведомство арнайы жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған орындарға суға түспеуге, тек ресми рұқсат етілген жағажайларды пайдалануға кеңес береді.

Сондай-ақ ата-аналарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздік ережелерін сақтау ғана мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz