Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта 100 жас спортшы жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама алды

Қонаев қаласында өткен «Болашақ чемпиондар лигасының» жеңімпаздары жазғы демалысты ерекше тартумен бастады. Екі айға созылған қалалық спорттық турнирде үздік нәтиже көрсеткен 100 жас спортшы қала маңындағы «Күншуақ» балалар сауықтыру лагеріне тегін жолдама алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл бастама жас спортшыларды ынталандырып қана қоймай, олардың салауатты өмір салтын ұстануына және жаңа жетістіктерге ұмтылуына серпін беруді көздейді.

Лагерьдің ашылу салтанатына Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов қатысып, жас чемпиондарды жеңістерімен және жазғы демалыстың басталуымен құттықтады.

«Елдің ертеңгі жетістігі – бүгінгі сіздердей жас чемпиондардың қолында. Қонаев қаласында 20 мыңнан астам бала тұрады. Солардың ішінде қаламыздың абыройын асқақтатып, түрлі жарыстарда 100-ден астам медаль жеңіп алған спортшылар – біздің мақтанышымыз. Мұндай жетістіктер – жүйелі қолдау мен табанды еңбектің нәтижесі», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ шаһар басшысы Қонаевта талантты жастарды қолдау алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

«Осы игі істің жүзеге асуына қолдау көрсеткен демеушілерге шынайы алғысымды білдіремін. Демалыстарыңыз қызықты әрі пайдалы өтсін. Жақсы тынығып, тың күш жинап, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер!», – деді Асхат Бердіханов.

Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасып, балалар үшін ойын-сауық бағдарламалары, спорттық белсенділіктер мен түрлі байқаулар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Күншуақ» балалар сауықтыру лагерінде жасөспірімдердің қауіпсіз әрі мазмұнды демалуына барлық жағдай қарастырылған. Лагерь аумағында жайлы жатын орындар, асхана, спорт және ойын алаңдары, бассейн мен жағажай жұмыс істейді.

Айта кетейік, «Болашақ чемпиондар лигасы» Қонаев қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Биылғы турнирге футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлері бойынша 72 командадан 2 мыңнан астам жас спортшы қатысты. Екі ай бойы жалғасқан жарыста үздік ойын көрсеткен қатысушыларға жазғы сауықтыру лагеріне жолдама табысталды.

Бұл бастама жас спортшылардың еңбегін лайықты бағалап қана қоймай, бұқаралық спортты дамытуға, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба ретінде бағалануда.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Сайлау қорытындысына күмән келтіруге негіз жоқ» – Азаматхан Әміртаев

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында «Алтын адам кубогы» халықаралық бокс турнирі басталды

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Алматы облысында 4,6 млрд теңгеге банан өсіретін жылыжай салынуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
24.08.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Диана Ахметова
24.08.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Диана Ахметова
24.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz