Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тағы бір республикалық жол ақылы жүйеге көшеді

Алматы облысындағы республикалық маңызы бар Бурылбайтал – Күрті автожол учаскесі 2026 жылғы 10 шілдеден бастап ақылы негізде жұмыс істейді. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Тиісті бұйрыққа 23 маусымда Көлік министрінің міндетін атқарушы қол қойған. Құжатқа сәйкес, Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы I-б санатындағы республикалық маңызы бар автожолдың Бурылбайтал – Күрті учаскесінде ақылы жол жүйесі енгізіледі.

Жаңа ақылы жол учаскесі 1041-шақырымнан басталып, 1121-шақырымға дейін жалғасады. Жалпы ұзындығы – 80 шақырым.

Автожол әр бағытта екі қозғалыс жолағымен жабдықталған.

Жүргізушілер ақылы жолды пайдаланғысы келмеген жағдайда балама бағыттарды таңдай алады. Олар:

  • облыстық маңызы бар Сұңқар – Қаншеңгел – Топар – Құйған автожолы;
  • Топар – Ақжар автожолы;
  • Қонаев – Бақанас – Қараой автожолы;
  • республикалық маңызы бар Қонаев – Күрті автожолы.

Жеңіл көлік үшін жол ақысы – 251 теңгеден басталады

Көлік министрлігі бекіткен тарифке сәйкес, жолдың толық бағыты бойынша жүру құны алдын ала немесе кейін төлеу тәсіліне байланысты өзгереді.

Жеңіл автокөліктер үшін:

  • алдын ала төлем – 251 теңге (0,0581 АЕК);
  • кейін төлем – 290 теңге (0,0671 АЕК).

Ал өзге көлік түрлері үшін тариф көліктің сыйымдылығы мен жүк көтергіштігіне қарай белгіленген:

  • 16 орынға дейінгі автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,1453–0,1699 АЕК;
  • 32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 0,2862–0,3354 АЕК;
  • 32 орыннан асатын автобустар мен 10 тоннаға дейінгі автопоездар – 0,4270–0,5031 АЕК;
  • 10–15 тонна жүк көтеретін жүк көліктері – 0,5746–0,6752 АЕК;
  • 15 тоннадан асатын жүк көліктері, тіркемелі көліктер және ершікті тартқыштар – 0,7155–0,8407 АЕК.

Жеңіл автокөліктерден басқа көлік құралдары үшін ай сайынғы абоненттік төлем жүк көтергіштігіне қарай 2-ден 10 АЕК-ке дейін белгіленген.

Сонымен қатар жылдық абонемент сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған.

Жылдық абонемент құны:

  • жеңіл автокөліктер үшін – 1 АЕК;
  • жүк көліктері үшін – 20-дан 100 АЕК-ке дейін.

Айта кетейік, 2026 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге.

Жаңа тәртіп 2026 жылғы 10 шілдеден бастап күшіне енеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында сегіз пәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Ауылдан әлемдік аренаға: AUYL SPORT спортшылары халықаралық турнирлерде топ жарды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында тағы бір республикалық жол ақылы жүйеге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында үздік шабандоздар анықталды: Қазақстан чемпионатына жолдама сарапқа салынды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz