Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында үш айда 3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың өтініштерін жедел қарау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 3 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, қызмет көрсету сапасына қатысты жүздеген өтініш қаралған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты ретінде айқындалған. Бүгінде мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі – азаматтардың өтініштері мен шағымдарын жедел қарап, қызмет көрсету сапасын арттыру және бюрократиялық кедергілерді азайту.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Досбол Тұрысбековтің айтуынша, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру – мемлекеттік аппараттың тиімділігін бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі.

«Мемлекет басшысы ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты мақсаты – азаматтардың сұранысына жедел жауап беретін, ашық әрі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру. Сондықтан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, өтініштерді уақытылы қарау, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және бюрократиялық рәсімдерді азайту – барлық мемлекеттік органдардың басым міндеті», – дейді Досбол Тұрысбеков.

2026 жылдың алғашқы үш айында өңірде көрсетілген 3 038 744 мемлекеттік қызметтің ішінде:

  • 544 966 қызметті орталық мемлекеттік органдар;
  • 2 493 778 қызметті жергілікті атқарушы органдар көрсеткен.

Қызметтердің басым бөлігі электронды форматта ұсынылған.

Атап айтқанда:

  • 2 813 072 қызмет электронды түрде;
  • 194 644 қызмет қағаз форматында;
  • 2 680 362 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген.

Бұл мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстарының жоғары қарқынмен жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты 370 өтініш келіп түскен.

Олардың ішінде:

  • 312 шағым қаралған;
  • 5 өтініш бойынша тексеру жүргізілген;
  • 14 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданған;
  • 44 өтініш арыз иелерінің кері қайтарып алуына байланысты тоқтатылған.

Шағымдардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты болған.

Талдау нәтижесінде өтініштердің негізгі бөлігі:

  • жер қатынастары саласына – 270 өтініш (15,8%);
  • сәулет және қала құрылысы саласына – 32 өтініш (1,8%) тиесілі екені анықталған.

Есепті кезеңде департамент 12 бақылау іс-шарасын өткізді.

Тексеру қорытындысында 1537 заң бұзушылық анықталды.

Олардың ішінде:

  • мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу – 172 факт;
  • мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу деректері тіркелген.

Нәтижесінде мемлекеттік органдарға 12 ұсыным енгізіліп, олардың барлығы толық орындалған.

Сонымен қатар жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған 5 азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 324 375 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 60 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыру мақсатында есепті кезеңде:

  • «Елге қызмет» телебағдарламасының 7 шығарылымы эфирге шықты;
  • ведомствоаралық жұмыс тобының 1 отырысы өткізіліп, 4 ұсыныс қабылданды;
  • бұқаралық ақпарат құралдарында 21 ақпараттық материал жарияланды;
  • мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 6 түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Досбол Тұрысбековтің айтуынша, алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, цифрлық сервистердің қолжетімділігін кеңейту және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің басты көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз – әрбір азаматтың мемлекеттік қызметті уақытылы, сапалы әрі қолайлы жағдайда алуын қамтамасыз ету», – деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Досбол Тұрысбеков.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева Джеки Чанды Қазақстандағы түсірілімнің басталуымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
09.07.2026

Есірткісіз өмір – жарқын болашақтың кепілі

Акжаркын
09.07.2026

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік

Акжаркын
09.07.2026

Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның тұғыры

Акжаркын
09.07.2026

23 тамыздағы сайлау: есептен шығару куәлігін кімдер және қалай ала алады?

Қорлан Нұрланқызы
09.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz