Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кегенде экс-шенеунікке қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды

Алматы облысының Кеген ауданында бұрынғы мемлекеттік қызметкерге қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол кәсіпкерлерден жер телімін алып беремін деген уәдемен 20 миллион теңгеден астам қаражат алған деген күдікке ілінді. Бұл туралы Кеген аудандық прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Прокуратура мәліметінше, күдікті аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман қызметін атқарған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, ол бұрынғы қызметтік мәртебесі мен өзіне деген сенімді пайдаланып, кәсіпкерлерге мемлекеттен жер телімін рәсімдеуге көмектесетінін айтып, олардан ірі көлемде ақша алған.

Ведомство осы тәсілмен күдікті 20 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген болуы мүмкін екенін айтады.

Аталған дерек бойынша 2026 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Қылмыстық істі тергеу Кеген аудандық полиция бөліміне тапсырылған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Прокуратура сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын атап өтті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін күдікті кінәсіз деп есептеледі.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Кегенде экс-шенеунікке қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу басталды

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Алматы облысында конкурдан Қазақстан чемпионаты аяқталды: жеңімпаздар анықталды

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қазақстанда журналистердің мәртебесі қалай өзгерді? Медиа саласындағы негізгі реформаларға шолу

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2026

Қарқара жайлауында «Таза Қазақстан» акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
27.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz