Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Алматы – Шелек – Қорғас» автожолы жаңартылады

Қазақстанда автомобиль жолдарын ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Үш жылдық даму жоспары аясында ел бойынша 11 мың шақырымнан астам жол жөнделеді. Оның шамамен 9 мың шақырымы республикалық маңызы бар автожолдарға тиесілі, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жол инфрақұрылымын жаңарту жобасы халықаралық көлік дәліздерін реконструкциялауды, жаңа автомагистральдар салуды, сондай-ақ республикалық және өңірлік жолдарды күрделі әрі орташа жөндеуден өткізуді көздейді.

Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 4 мың шақырымды құрайтын 126 жол учаскесінде құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алматы облысы үшін маңызды жобалардың бірі – Алматы – Шелек – Қорғас автожолын жаңғырту. Бұл бағыт Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық көлік-логистикалық дәліздің маңызды бөлігі саналады және жүк пен жолаушылар тасымалының қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, ел аумағында Жезқазған – Петропавл, Атырау – Орал және Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы бағыттарындағы автожолдар да жаңартылып жатыр.

Сонымен қатар, Көлік министрлігі автомобиль жолдарын орташа жөндеуге қатысты нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді. Жаңа талаптарға сәйкес, жөндеу жұмыстары кезінде суық ресайклинг технологиясы кеңінен қолданылады. Бұл әдіс жол жабынындағы материалдарды қайта пайдалану арқылы жөндеу сапасын арттырып, құрылыс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ көлік қозғалысы аз жолдарда жол төсемінің баламалы конструкцияларын пайдалану көзделген. Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл өңірлік жолдардың сапасын жақсартып, оларды күтіп ұстауға жұмсалатын шығынды азайтуға ықпал етеді.

Жолдарды жаңғырту жұмыстары елдің көлік инфрақұрылымын дамытуға, өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға және халықаралық транзиттік әлеуетті арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы Тәжікстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz