Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмірлер беріледі

Қазақстанда электромобильдерге арналған арнайы мемлекеттік тіркеу нөмірлері енгізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы қол қойған "Цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда көрсетілген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026
Жаңалықтар

Құжатқа сәйкес, электромобильдерге жеке үлгідегі мемлекеттік нөмірлік белгілер беріледі. Тиісті норма заңның 70-бабына енгізілген.

Әзірге жаңа нөмірлердің түсі мен дизайны заңда нақты көрсетілмеген. Олардың сыртқы келбетін Ішкі істер министрлігі арнайы нормативтік-құқықтық актілер арқылы бекітеді.

Бұған дейін, 2026 жылдың мамыр айында Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов ведомство халықаралық тәжірибеге сүйенетінін айтқан болатын. Оның сөзінше, әлемнің көптеген елінде электромобильдердің мемлекеттік нөмірлері жасыл түспен рәсімделеді.

Мұндай тәжірибе Қытай, Норвегия, Канада, Польша және Беларусь елдерінде бұрыннан қолданыста.

Арнайы мемлекеттік нөмірлерді енгізудің басты мақсаты – электромобильдерді автоматтандырылған жүйелер арқылы жылдам анықтау. Қазіргі таңда жол камералары мен басқа да цифрлық бақылау жүйелері электр көліктерін ішкі жану қозғалтқышы бар кәдімгі автомобильдерден ажырата алмайды.

Соның салдарынан тегін автотұрақтарды пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру немесе электр көліктеріне арналған зарядтау орындарына қатысты жеңілдіктерді қолдану кезінде қиындықтар туындайды.

Жаңа нөмірлердің енгізілуі электромобильді инспектордың қатысуынсыз, автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде цифрлық сервистердің жұмысын жеңілдетіп, жеңілдіктерді беру процесін жеделдетеді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заң күшіне енгеннен кейін арнайы мемлекеттік нөмірлерді әзірлеу мен айналымға енгізу шамамен алты айға созылады.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы: заң не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz