Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық деректері 75 пайызға азайды

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есеге азайды. Биылғы алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мұндай құқық бұзушылықтар саны 28-ден 7-ге дейін қысқарған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысында айтылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жиында «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру, жемқорлықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Басқосуға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.

Отырысты ашқан Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру мемлекеттік органдар жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамда адалдық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыру алдын алу шараларымен қатар жүргізілуі тиіс.

Жыл басынан бері облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 73 кездесу ұйымдастырылып, оған 6 мыңға жуық адам қатысқан. Сонымен қатар жүргізілген талдаулар нәтижесінде білім беру және денсаулық сақтау салаларында тауар бағаларын негізсіз көтеру және қажеттіліктен артық көлемде сатып алу фактілері анықталған.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті араласқаннан кейін бұл мәселелер қайта қаралып, нәтижесінде бюджеттен миллиондаған теңге үнемделген.

Өңірде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 27 кездесу өткізіліп, тұрғындар арасында арнайы байқаулар, ақпараттық акциялар ұйымдастырылып, муралдар салынған.

Комиссия отырысында азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да сараланды. 2025–2030 жылдарға арналған «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы негізінде облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. Соған сәйкес жыл ішінде 42 ірі ақпараттық және профилактикалық іс-шара өткізу жоспарланған.

Жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 42 мыңнан астам материал жарияланған. Сондай-ақ өңір бойынша «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау үшін 72 билборд, 24 баннер және 20 LED экран орнатылып, Қонаев қаласындағы тұрғын үйлерге 700-ге жуық ақпараттық парақша ілінген.

Жиында Іле ауданында жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары да қаралды. Ауданда тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында тоғыз іс-шара ұйымдастырылып, 780 ақпараттық кітапша таратылған.

Сонымен бірге ауданның кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, мәдениет және тілдерді дамыту, жер қатынастары, ішкі саясат және жұмыспен қамту бөлімдерінде жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде алты сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталған. Қазір оларды жою бойынша нақты шаралар қабылданып жатыр.

Жиын соңында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев мемлекеттік органдарға ішкі талдаулардың сапасын арттыру, мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысының алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы: заң не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz