Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында құтқарушылар арматураға ілінген баланы босатты

Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар металл қоршауға қолын қыстырып алған балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Оқиға Учхоз ауылында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 2016 жылы туған бала металл қоршаудан асуға әрекеттенген кезде қолын арматураға іліп алып, өздігінен босай алмаған.

Оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жедел жеткен.

Құтқарушылар арнайы гидравликалық құралдың көмегімен металл қоршаудың бөлігін кесіп, баланы қауіпсіз түрде босатып алды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін баланың ата-анасы оны қосымша медициналық тексеруден өткізу үшін қалалық клиникалық ауруханаға өздері жеткізген.

Ведомство өкілдері балалардың қауіпсіздігі ересектердің тұрақты бақылауы мен жауапкершілігін талап ететінін еске салды.

ТЖМ ата-аналарды балалардың ойын кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауына ерекше көңіл бөлуге және қауіпті орындарда қараусыз қалдырмауға шақырды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz