Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді

Алматы облысында ат спортының олимпиадалық түрі – конкурдан чемпионат өтеді. Жарыс 27 маусым күні Талғар ауданындағы Almaty Horse & Polo Club ат спорты кешенінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Чемпионатқа Қазақстанның әр өңірінен 50-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Шабандоздар әртүрлі деңгейдегі кедергілерден өтіп, шеберлігі мен дайындық деңгейін сынайды.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарыс бағдарламасы балалар, жасөспірімдер, әуесқой және кәсіби спортшылар арасында өтеді. Қатысушылар тек жылдамдық пен техникалық дайындықты ғана емес, тұлпар мен шабандоз арасындағы өзара үйлесімділікті де көрсетуі тиіс.

Конкур – Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген ат спортының ең беделді бағыттарының бірі. Бұл спорт түрінде жеңіске жету үшін спортшының кәсіби дайындығымен қатар, атпен өзара сенімі мен түсіністігі ерекше рөл атқарады.

Чемпионаттың ашылуы сағат 10:00-де басталады. Ұйымдастырушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жарысқа келіп, спортшыларға қолдау көрсетуге шақырады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында конкурдан чемпионат өтеді

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

Мұқағали елі үлкен тойға дайындалып жатыр: Райымбек ауданының 90 жылдығына не жоспарланған?

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

Жасанды интеллект саласына вице-министр тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

Әлеуметтік желідегі жазба үшін 20 жылға дейін сотталуыңыз мүмкін – Бас прокуратура

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

«Әр секунд маңызды»: Қонаев дәрігерлері жаңа туған нәрестелерге қалай көмек көрсетеді?

Қорлан Нұрланқызы
23.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz