Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында кадрлық тағайындау: басқармаға жаңа басшы келді

Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Айбекұлы Рақымбаев Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол жаңа қызметіне 2026 жылғы 19 маусымнан бастап кірісті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Айбол Рақымбаев 1991 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді маман. 2012 жылы Халықаралық бизнес университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2024 жылы Q University академиясында экономика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2013 жылы «МФО 1 Кредит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде несие менеджері қызметінен бастаған.

Әр жылдары Іле ауданында кәсіпкерлік саласы мен жергілікті мемлекеттік басқару құрылымдарында түрлі лауазымдарда еңбек етті. Атап айтқанда, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі және бөлім басшысы, экономика және қаржы бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды. Сондай-ақ Жетіген және Энергетический ауылдық округтері әкімдерінің орынбасары болды.

Мемлекеттік қызметпен қатар ғылыми-техникалық сараптама саласында да еңбек еткен. Ол «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамында бас маман қызметін атқарған.

2023 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz