Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының спортшылары халықаралық турнирде топ жарды

Қырғызстанның Ыстықкөл өңірінде өткен халықаралық «Қырғызстан інжу-маржаны» турнирінде Алматы облысының спортшылары табысты өнер көрсетіп, бірнеше алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Халықаралық жарысқа әртүрлі елдерден келген спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Турнир барысында Алматы облысының құрамасы ересектер мен жастар санатында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңір спортының әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ересектер арасындағы жарыста 75 келі салмақ дәрежесінде Расул Турғанжанов чемпион атанып, алтын медаль иеленді. Ал 70 келіге дейінгі салмақта Карина Исмаилова қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың жеңімпазы болды.

Сонымен қатар, Ершат Бахтишатұлы (52 келі) күміс жүлдеге қол жеткізсе, Арзум Зунунов (65 келі), Ахилес Дилмуратов (70 келі), Дияр Хамраев (90 келі) және Сайдиакрам Раймов қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Жастар арасындағы бәсекеде де Алматы облысының спортшылары жарқын нәтижелерімен ерекшеленді. Атап айтқанда, Рахим Саитов (48 келі), Ильдар Амирдинов (52 келі), Арсель Юнусов (56 келі), Сухраб Адилов (75 келі), Давран Марисов (+75 келі) және Илья Нурулламов (68 келі) алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Альфидин Идакаев (60 келі) күміс жүлдеге ие болса, Идрис Абдулаев (60 келі) пен Фариз Азизов (70 келі) қола медаль еншіледі.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта лайға батып қалған автобустан 27 жолаушы құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Алматы облысында құтқарушылар 3450 метр биіктікте жарақат алған туристі құтқарды

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Вакцинация – ұлт денсаулығының кепілі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Алматы облысының әкімі жұмысшы жастармен жүздесті

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

Президент белгілі актер Нұрқанат Жақыпбайды «Қазақстанның халық әртісі» атағымен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
12.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz