Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы шілде айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы айда еліміздің басым бөлігінде өте ыстық ауа райы сақталып, кей өңірлерде ауа температурасы +50 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.

Метеорологтар шілде дәстүрлі түрде Қазақстандағы жылдың ең ыстық айы болатынын айтады. Осы кезеңде елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде орташа ауа температурасы +18…+23 градус аралығында болса, оңтүстік облыстарда +28…+30 градусқа дейін жетеді.

Болжам бойынша, солтүстік және шығыс аймақтарда ауа температурасы +42…+43 градусқа дейін көтерілсе, орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47…+48 градусқа дейін жетуі мүмкін. Ал еліміздің оңтүстігінде сынап бағаны +50 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.

Дегенмен синоптиктер шілде айы тек аптап ыстықпен шектелмейтінін атап өтті. Кей кезеңдерде қысқа мерзімді салқындау байқалып, әсіресе солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі температураның +5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Мамандар Қазақстанның солтүстік бөлігінде шілде айы жылдың ең жауын-шашынды кезеңдерінің бірі саналатынын айтады. Бұл өңірлерде жаңбыр көбіне найзағаймен қатар жүреді, кей жерлерде нөсер түрінде жаууы ықтимал.

Синоптиктер жекелеген аудандарда бір тәуліктің ішінде айлық нормамен тең немесе одан да көп жауын-шашын түсуі мүмкін екенін ескертеді. Мұндай жағдайлар су басу қаупін арттырып, тұрғындар мен коммуналдық қызметтерден ерекше дайындықты талап етеді.

Ең жоғары найзағай белсенділігі елдің солтүстік, шығыс және таулы аймақтарында күтіледі. Ал оңтүстік-шығыстағы таулы өңірлерде бұршақ жауу ықтималдығы жоғары.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 20 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz